Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 21-05-2018, 21:49, посмотрело: 24915

0

Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебінің тарихы

«Ұлттық  мектеп – рухани құндылықтар тірегі»

 

Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ертеңі – бүгінгі жас ұрпағы.  Сол жеткіншектердің  білім нәрінен сусындауы, тәлімді тәрбие алу соның нұр –сәулесін шамшырақтай шашып, бала бойына сіңіретін қасиетті де құдіретті мекен – мектебі мен жастарды жанындай сүйетін мейірімді мұғалімдер екені даусыз. Сондай мақтаулы мектептердің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы «Кетебай» ауылындағы Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебінің құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр. Киелі қара шаңырақтың осындай құрметті атаққа ие болуы – қаншама ұстаздардың өткен өмірі, еткен еңбегі, берген білімі.  1959 жылы «Красная звезда» совхозының 6- бөлімшесі болып құрылған ауыл ортасынан «Білім ошағы» бой көтерді. Бұл 1960 жылы – тұңғыш ашылған «Қарақай» бастауыш мектебі болатын. «Алтаудың алауыздығын емес, төртеудің түгелдігін» көрсеткен білім ұясының директоры әрі мұғалімі – Муса Көпеев. Мұғалімдерінен қолдау тапқан басшы 1963 жылға дейін саналы ғұмырын шәкірттерге арнады. Оқытудың қыры мен сырына ауылдастарына үйреткен ұстаздық еңбегі ерекше ел есінде қалды.

Уақыт өткен сайын ауыл реңі жаңарып, толыға түсті. 1963 жыл мектеп – 8 жылдық болып өзгерді. Оқушы саны да мұғалім саны да арта түсті. Өз ұлтының рухани құндылықтарын, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген, өз жері мен елін қорғай алатын ұлтжанды, жоғары мәдениетті адамды тәрбиелеудің негізгі көзіне айналған, ұлттық негізде құрылған қазақ мектебі болды.

1968 жылы орта мектеп дәрежесін иеленген мектеп мұғалімдердің басшылығымен жас ұрпаққа білім беретін, ұлттың тәрбие мәселелерін жүзеге асыратын оқу – ағарту жүйесінің негізгі буыны еді. Осындай ұлттық мектептің басшылығына қажырлы еңбегі мен қабілет – қарымының арқасында небір биік белестерді бағындыра білген абыройлы ұстаз – Үсенбаев Әбдіғали келді.

Бұл 1963 – 1973 жылдар аралығы болатын. Ұстаздың асыл мұраттарының бірі – туған өлкені көркеюі, мектеп ауласының көгалдануы мен ата-баба салты мен дәстүрі мен нәр алған ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің құрметтеу сезімі қалыптасқан шәкірттерді тәрбиелеу болды. Осы мақсатқа өз ұжымын да бейімдей алды. Сол мектептен сапалы біліммен қаруланған қаншама түлектер қанат қақты!?

Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы  «Мектеп-оқу таза ана тілінде жүретін ұлттық мектеп болуы керек,ондағы оқу мазмұнын халықтың тілінен,бағзыда бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүр,тәрбие жөн-жосығымен, бостандыққа ұмтылған мақсат-мұраттармен,етене қабысып жатуы. Заманға сай білім беру керек» деген өрнекті тұжырымын білім беру ісінде өзек еткен тәжірбиелі ұстаз – Тұрғанов Амантұр ұзақ жылдар директор болып жемісті қызмет атқарды. Биік тұлға өзіне міндеттелген жауапкершілікті мінсіз орындады. Мінезі жайсаң жан үлкенді де, кішіні де бағалай білді. Уақыт талабына сай қай кезеңде болсын қоғам алдындағы, адамзат алдындағы тарихи міндетті – білім беру мен тәрбие беруді шығармашылықпен ұштастыра алды.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» дегені мәлім. Педагогикалық іс-тәжірибесінде «мектептің жүрегі»атанған ұлағатты ұстаздар-Мұса Көпеев, Дәулет Демеубаев, Орақ Қаратаев, Ешмұрат Мұстафаев, Нұрмұхан Қаспаев, Әбжан Бақтыбаев, Рысқұл Дияров, Сүтбай Шагиров, Қуанғали Қалағанов, Әбсен Сахов, Дүйсенбек Мәтжанов сынды аяулы азаматтарға

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында із қалдырған» деген осы қанатты сөз арналғандай.

Адамның өзін қоршаған ортада, әсіресе, әріптестері мен жолдас – жораларының арасында, отбасында ардақты азамат болып ауызға ілінді, құрметке бөленді, сыйға ие болды, беделінің биіктеуі оның адамгершілігіне, білімімен біліктілігіне, тәлім-тәрбиесіне, өнеріне тағы басқадай тамаша қызметтеріне тікелей байланысты болды.Осындай ірі де іргелі,ірі де ілтипатты тұлғалар - асыл ана, мейрімді ұстаздар – Нарзангүл Ереханова,Үмітай Өмірбаевалардың жарқын бейнесі әрбір шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік сақталары анық.

Өз ісінің білгірі атанған – Зейнеткер ұстаздар Аманқос Сүлейменова, Жаңыл Тәжіғұлова, Зоя Шүренбаева, Алма Әбдіровалар – өзінен кейінгі ұрпаққа, оқушылары мен мұғалімдеріне, балаларына, туған-туысына қарым–қатынаста, іс-әрекетімен, еңбегімен, қызметімен, адал қасиетімен ардақты да үлгі –өнеге болып отырған жандар.

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы –мектеп. Сол мектептің жаны бола білген «Оқу ісінің үздігі» математика пәнінің мұғалімі бүгінгі зейнеткер Ізбаев Бердібай

Оқу ісінің меңгерушісіне дейін көтерген жылы жүзді жайдары жанға қай –қайсысымыз болсын борыштар екеніміз рас. Ұстаз өзінің теориялық білімін өмірімен қанаттандырды. Мемлекеттік стандарт талаптарын орындауға ерекше көңіл бөлетін ол шығармашылықпен жұмыс жүргізетін үлгілі ұстаз атанды. Қыруар еңбек өз нәтижесін берді. Мұғалім аудандық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Қазіргі кезде мектеп өмірімен тығыз байланыс орнатқан зейнеткер ұстаз ақыл-кеңесін беруден аянбай –ақ келеді.

Бұл уақыттағы оқу ісінің меңгерушісі, ұстазы, аймақтағы алғашқы білім қарлығаштарының бірі әрі бірегейі «Оқу ісінің үздігі», тұла бойы тұнған ізгілік, ұлағат, ғұмырының соңына дейін осы мектепте қызымет еткен марқұм Сүлейменов Қуатбай.

Өмірінің ең шуақты, шұғылалы шақтарын шәкірттеріне арнай отырып, өзі де тәжірибе жинап шыңдалды.

Ізденіс пен шығармашылық еңбегінің арқасында жастарға үйретуші білікті маман шебер ұстаз деңгейіне көтерілді.

Сонымен бірге үлкен- кішіге мейірбан, кішіпейіл ұстамды мінезімен өз ортасында сый -құрметке бөленген жан болатын. Аяулы ұстаз - Нұржан Тәңірбергеновпен рухани үндестігі сондай – сабақ үстінде мазмұны жағынан, құрылысы жағынан үйлесетін, поэзиялық туындыларды,  Мысалы, Пушкин мен Абайды, Абай мен Лермонтовтың және Ахмет пен Крыловтың өлеңдерін жиі қолданатын. Соларды талдау арқылы екі халықты бір-біріне табыстырып, жақындастырып оқушыларды да достыққа, туыстыққа шақыратын. Ел қалаулысы өзінің 35 жыл педогогикалық қызметін осылайша жемісті өткізді.

Ауыл ортасында орналасқан зәулім мектеп, ауыл жанарын көрнектендіре түсті. Мектептің ашылу салтанатына қатысқан бұрынғы облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев, Аудан әкімі Омархан Нұржанов және мектеп директоры- Нұржан Тәңірбергенов мырзалармен бірге жуықтары жарасымдылық тауып, сырт көз қызығарлықтай, тіптен, қызғанарлықтай қарап, еді-ау, шіркін!

Осы мектептің ашылу іс-шарасын Сәду Бекенов пен ауыл ақсақалдары Құрбанбай Ереков, Әшірбай Ереков мектебіміздің білікті ұстазы Бердібай Ізбаев сынды абыройлы жандармен бірге қатар жүріп, қошемет көрсетті, мектеп өмірі үшін жан салғаны бәрінің көз алдында.

 

 



Мектеп тарихы


Жаңа ғимарат 2006 жылы іргетасы қаланып, 2007-2008 жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Арманына қанат қаққан алғашқы түлектер тәуелсіз мемлекеттің құрдастары. Демек, білім ордасының 50 жылдан астам тарихи ғұмырнамасы бар. Ал бұл күнде 50 мұғалім қызмет істеп, олар 400-ден астам оқушыларға білім берумен айналысып жүр.

Тәуелсіз еліміздің дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуы бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық тәрбиемен алатын тиянақты біліміне тікелей байланыстылығын, зерделеген текті де жайсаң, өнегелі де өрісті тұлға – қазақ ССР білім беруінің үздігі Тәңірбергенов Нұржан Ысмайылұлы             1985-2010 жылдар арасында мектеп директоры деген лауазымға сай қызмет атқарды. Осы жылдары ол үшін әдістемелік жағынан шыңдалу мектебі болды.

Мектептің материалдық-техникалық базасының нығайуына маман кадрлармен толықтырылуына, көп еңбек сіңірді. Әрбір пән бірлестік жетекшілерінің сала бойынша істеліп жатқан жұмыстарын, алда тұрған міндеттерін нақтылап, оқу саласындағы жетістіктерге ғылыми тұрғыдан талдау жасап отыратын. Рухани ұлттың қабілеттілікке жараған – білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бұл бүгінгі мектебіміздің маңызды міндеттерінің бірі деп отыратын. Жоғарыдағы мәртебелі міндетті арттыруда абыройлы жұмысымен ел алғысына бөленген мектеп басшысы ұрпақ тәрбиесінде, мектеп тарихында жарқын бейнесі, жаңғырған үні, алтындай қолтаңбасы бар.

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындырып, тәлім –тәрбие беру оңай еместігін ұстаздың кәсіп емес жүрек қалауы екенін танытқан. Ұлағатты ұстаз – Базаркүл Әбжанова Ұстаздық жолын 1970 жылдан бастап, бастауыш сынып мұғалімі өз ісіне жүктелген жауапкершілікті жете сіңірген, шәкірттер сенімінен шыға білді. Мұғалімнің шығармашылық зертханашысы ойдағы жинақталған әдістемелік материалдар мен буклеттер жас мамандардың асыл қазынасына айналды. «Талабың таудай болсын!» деген ұстазынан алғыс алған шәкірттері, ұстаз мерейін асқақтатып жүр.

Саналы ғұмырын мектеп өміріне арнаған, өз кәсібінің шебері, өлшеусіз еңбегі бағаланып, аудандық білім бөлімінің бірнеше мақтау қағаздары мен марапатталуы- ұстаз жемісі.

Осы мектептің түлегі, үздік диплом иесі, мектептің тірегі де тіреуі де бола білген, ізденімпаз ұстаз – Балжан Құрбанбаева бүгінгі оқушының ертеңгі ел азаматы болып, өсуімен азаматтың жеке тұлғаласының қалыптасуына,  білімді де білікті буын даярлауда шынайы маман екендігін мойындатты. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісінің білгірі, өнерлі де өнегелі жан – шығармашылық орта жасай отырып, бірлестік жетекші қызметін атқара жүріп, педагогтердің, әсіресе, жас ұстаздардың жұмыс сапасын арттыруға, олардың кәсіби шеберлігін көтеруге, ат салысып келеді. Сан мыңдаған түлектер қатарына ғылыми зерттеу жұмыстары мен шұғылданып жүрген шәкірттерінің бірі – Бердиева Меруерт ұстаз қуанышы. Еңбек жолын 1974 жылдан бастаған бастауыш сынып мұғалімі, аудан көлемінде бірнеше семинарлар өткізіп, ерекше еңбегі бағаланып, бірнеше рет аудандық білім бөлімінің «Мақтау қағаздары» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, нақты тәжірибелі іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, сондай –ақ интеллектуалды ойлауға қабілеттілігі ерекше, жоғарғы санатты, ойшыл, білікті де білгір маман иесі, физика пәнінің мұғалімі  - Рахима Бекмуханова.

Білім-теңіз, оның тереңін, сипатын жетік білетін, сырын меңгерген құпиясын ашатындар ғана бойлай алады, десек, ондай шәкірттерді дайындап жүрген білікті маман –Рахима Бекмуханова.  Мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан –жақты өткізген сабақтары, оқушының білім сапасын көтерудің өзегі болып отыр. «Модельдік технология ретингті жүйелі дамыта оқу технологиясы» және «Сын тұрғысынан ойлау сынды жаңа технологиялар» мұғалімнің іс-тәжірибесінен кеңінен орын алған. Мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері, қызық сабақтары арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алған. Мұғалім өзінің біліктілігін шеберлігін «Физикадағы биоорганикалық» атты тақырыпта, облыстық семинарда жасаған бағдарламасы және күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдары, авторлық бағдарламасының ауданға таратылуы, мұғалімнің беделін арттыра түсті.

Жаңашыл мұғалім ақпараттық технологияны жан-жақты қолдана алатын ғылымның тың жаңалықтарын ашуға мүмкіндігі бар тұлғаны тәрбиелеп, адам капиталының бәсекеге қабілетттілігін арттыруға өз үлесін қосты. Оның айғағы озат шәкір бола білген – Бердиева Меруерт физика ғылымының кандидаты дәрежесін иеленгелі отыр. 1978 жылдан ұстаздық еңбек жолын бастаған - Бекмуханова Рахима елдің алғысына бөленіп, ерекше еңбегі бағаланып, облыстық, аудандық оқу бөлімінің «Мақтау грамотасымен» марапатталған. Осылайша келешек ұрпақтың білімді де білікті азамат болып қалыптасуына қосар үлесі мол.   

Осы мектептің тарихында мұғалімдік мамандықтың ақ шыңына көтерілген, шәкіртінің биікке көтерілуі үшін шығармашылық ізденіс пен еңбек еткен, абыройлы да білікті ұстаз, жоғарғы санатты мұғалімдер:  Сайын Сармұханов, педагог- психолог, қазіргі таңда қосымша білім беру педагогы Жолжігіт Үсенбаев.

Ісі мен сөзі, жүріс-тұрысы, тіпті, киім киісі ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегіне өзіндік орын алған, математика пәнінің мұғалімі-Қарлығаш Шабаева. Қазіргі жаһандану заманында «Елім, жерім, тілім!» деп соққан зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеген бастауыш сынып мұғалімі –Нұрбибі Базарбаева. БӘД-ның жоғарғы санатты мұғалімі Құламан Оралбаев. Жоғарғы санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі –Роза Қосанова, жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –Айткүл Құлханова,                  І санатты мұғалімдер: Анар Имамқұлова, Алтынай Гаюбова, Клара Оразханова, Әсия Тұрыштаева, Жетібай Тәңрбергенов, Дина Көрпелиева, Жанар Мәмбетова, Нархал Әбдиева. Бастауыш сынып мұғалімдері-Қарлығаш Өсербаева, Айгүл Әкімбаева, Жадыра Ізтұрғанова, Жәмила Жұмаханова, Жауан Тайжанова. Технология пәнінің мұғалімі- Бекенова Алтын.

Жас та болса өз істерін тиянақты, жауапкершілікпен атқарып жүрген мұғалімдеріміз –Матжан Дүйсенов, Исан Сүлейменов, Ақарыс Мәтжанов, Дүйсен Жұмаханов, Шохан Тәңірбергенов, Жақия Қуатбаев, Аманғали Ұлықпанов, Арғынбек Бекмухамедов.

«Денсаулық-ел дамуының басты арқауы» деген қанатты сөзді берік ұстанған, мектеп мейірбикесі Айгүл Бұланбаева оқушылардың денсаулығы үшін аянбай қызмет жасап келе жатқан мейірімді жан. Көп жылдар директордың хатшы қызметін абыроймен атқарған Шынар Махмудова.

Білім сапасын арттыруға өзіндік үлесі бар, «Кітап - рухни азық » екендігін дәлелдеп отырған кітапхана меңгерушісі –Еркінай Сағынованың еңбегі өлшеусіз, көптің ілтипатына бөленіп, аудандық оқу бөлімінің «Мақтау грамотасымен» марапатталған.

 

«Болашаққа кемел біліммен!»

 

Мектебіміз заман талабына сай жабдықталған және оқушыларды оқытумен тәрбиелеуде барлық жағдай жасалған. Мектепте оқу залы, кітапхана, спорт залы, мәжіліс залы, екі компьютер дәрісханасы, дәрігерлік бөлім, асхана, ағаш және тігін шеберханасы, техникалық құралдар кабинеті бар.

Күміс медальдың иергері – Мұхтар Тәңірбергенов 2010 жылдың мамыр айынан бастап, киелі шаңыраққа, әке ізін жалғастырып, жаста болса бас болып, өзі ұшқан – алтын ұяға басшылық қызметіне орналасты.  Мамандығының қыр –сырын терең меңгерген білікті басшыны, әріптестері зор ілтипатпен, құрметпен қарсы алды. Жаңаша оқытудың үрдісін ұстанған, ұлы кәсібіне шын жүрегімен берілген, мамандығын мақтан тұта сүйетін, мақсаты мен міндетін айқындап, жауапкершілігін терең түсінген мектеп директоры- Мұхтар Тәңірбергенов ел мүддесіне, ұлт тәрбиесіне барын салып келеді. Ойы өрісті, тілі шешен, рухы биік, жаны ізгі, білімді де білікті, белсенді әрі іскер азамат мектеп өмірін түбегейлі өзгертіп те үлгерді.

«Болашаққа кемел біліммен» деп қоғам талабына сай, сапалы да нәтижелі білім берудің жолдарын іздеген басшының еңбегі көпке үлгілі боларлықтай. Терең шығармашылық парасат-пайым, туған ел мен ерге деген шексіз махаббат, ең бастысы, табиғат сыйлаған талант болса керек, білім мен тәрбие беру процесінде жаңаша тұлға екенін мойындатты. Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік жанымызға қабысатын, үйлестік негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетін қазіргі жаһандану кезеңінде маңызының зорлығын іс жүзінде өз әріптестерін бірге дәлелдей алды.  Мектепте білім стандартына лайықты мұғалімдердің шығармашылық бірлестігі, әдістемелік кеңес, пәндік үйірмелер, тәрбие талаптарына жауап беретін түрлі кеңестер, өзін-өзі басқару құрылымдары, қоғамдық бірлестіктер, ауыл, ата-анаман байланыс жүйелері жұмыс істейді. Соның нәтижесінде мектеп 2010 жылы ҚР рәміздері бойынша «Тірек мектеп атанды.

  

Мектеп мақтаныштары

 

Бүгінгінде Тәуелсіз Қазақстанның белгілі азаматтарына айналған мектеп түлектерін мақтанышпен атай аламыз. «Ел басқарып отырған тәуелсіз еліміздің өркендеуіне қолдау көрсетіп отырған, ауданымыздың «Құрметті азаматы», облыстық маслихаттың соңғы үш шақырылымының депутаты «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының және ҚР Президентінің «Парыз» сыйлығының иегері, мектебіміздің мақтанышы-«Кетебай» өндірістік кооперативінің төрағасы Сәду Бекенов жайлы қаншама айтсақ та көптік етпейді. Сонау тәуелсіз алғашқы кезеңінде туындаған қиыншылықтар мен ауыртпалықтардан өз ауылдастарын қажырлы еңбергінің арқасында алып шықты. Сондықтан да өрісі биік тұлға көптің мақтанышы атанды.

         Еліміздегі ірі кәсіпкерлердің бірі, меценат, «Жанарыс» ЖШС –нің бас директоры, Маңғыстау облыстық мәслихаттың депутаты, мектебіміздің мақтанышы  – Жаңбырбай Дәрменов. Оңтүстік Қазақсан облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім бастығы – Әбдіраман Аққулов. Ресей Федерациясының Тюмен облысында ірі мұнай өндіру мекемесінің басшысы қызметін атқаратын - Дияров Берден Рыскұлұлы.

Мақтарал ауданық орталық ауруханасының жоғары санатты дәрігері – Жаңабай Қанжігітов. Мақтарал ауданық ішкі істер басқармасының орынбасары қызметін атқарған отставкідегі подполковник – Сапарғали Абдуллаев. Бүгінгі күні аудандық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, капитан Р.Жайлыбаев, аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, С.Жайлыбаев, Ауғанстанда интернационалдық борышын атқарған, бірнеше жауынгерлік медальдармен наградталған – Махмут Үсенбаев пен Үсенбай Тәңірбергенов сынды азаматтар мектебіміздің мақтаныштары.

 

Мектебіміздің жетістіктері

 

Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет 1988-1989 оқу жылында «Күміс белгі» иегері Қонаров Төлеген, 1991-1992 оқу жылында «Күміс белгі» иегері атанған Мұхтар Тәңірбергенов сынды білімді де тәрбиелі оқушылар кейінгі буынға үлгі бола білді. Аға буынның жалғасы ретінде Ақбота Нұрмұханова «Алтын белгі» иегері атанды. Саналы да сапалы білім берген ұстаздарының ерен еңбегінің нәтижесінде мемлекетіміздің грант иегерлері атанды. 2004-2005 оқу жылында Қарлығаш Әзенова, Тұрар Ізбаев. 2005-2006 оқу жылында Меруерт Серікбаева, Жазира Мәмбетова. 2006-2007 оқу жылында Әйгерім Жайлыбаева, Әйгерім Нысанбаева, Айдана Диярова, Гүлназ Ерекова, Несібелі Абдуллаева. 2007-2008 оқу жылында Ардақ Ерекова, Маржан Бекмухамедова, Айдана Барлыбаева, Элмира Әбілхайырова, Әсет Дияров, Дәурен Дияров, Майра Жайлыбаева, Айгерім Матжанова, Көзжан Молдабаева. 2008-2009 оқу жылында Гауһар Әуелбаева, Ержан Бекмухамедов, Бағила Елешова, Қарлығаш Үсенбаева, Айдана Өтепбергенова. 2009-2010 оқу жылында Бану Диярова, Жадыра Диярова, Арман Сағындық, Сәуле Тойлы, Ақбота Нұрмұханова, Айсұлу Нұртілеуова, Назира Оңайбаева, Ақылбек Тәңірбергенов, Нұрбол Байтілеуов, Шерхан Мәтжанов, Нұрсұлтан Оразбаевтар мемлекетіміздің  білім грантының иегерлері атанды. 

2011-2012 оқу жылында мектебіміз ҰБТ-дан аудан көлемінде 5-орын иеленді.

Әр мұғалім өз ауылының мәдениетін көтеруге, ұлттық салт – дәстүрді, салауаттылықты насихаттауға жұртшылық алдындағы мұғалімдік биік тұлғасын қалыптастыруға күш салады. Мектептің бүргінгі талантты әншілері: Мерей Құрбанбаев, Ардақ Оңғарбаев, Күнімай Жолдасовалар ертең-ақ ел ертесіне айналар өрендер.

Өткен оқу жылының басында мектепте  390 оқушы білім алып тәрбиеленді, соның ішінде, мектепалды даярлық тобында - 51 оқушы, 1-11 сынып аралығында 390 оқушы. Соның ішінде 

- 1-4 сыныптар аралығында 153  оқушы;

- 5-9 сыныптар аралығында  175 оқушы;

- 10-11 сыныптар аралығында  62 оқушы білім алды.

      Өткен оқу жылында мектепке 8 оқушы келді және 10 оқушы басқа мектептерге, оқу орындарына кетті. Мектепті оқу жылының соңында 395 оқушы аяқтады. Олардың 201-і қыз балалар. Мектепті 57 оқушы үздік бағалармен аяқтаса, 104 оқушы екпінділер қатарында болды.

      Оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру мақсатында педагог-психологтар, мейірбикемен, сынып жетекшілердің қатысуымен оқушылар арасында зерттеу жүргізіп, төмендегі мәліметтер базасын жинақтады;

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> физиологиялық ерекшелігі;

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> ақыл-ой ерекшелігі (ес, зейін, логикалық ойлау);

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> оқу еңбегінің дағдылары;

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> ынтасы;

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> тұрмыс жағдайы.

      Жоғарыдағы мәліметтер негізінде және мектептің материалдық

техникалық базасын ескере отырып оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері (ауысым, сабақ кестесі, кезекшілік) шешілді.

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Мектептің жоспары Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде түзілді. Мектеп  негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асырып, оқушылардың бейімі мен қабілетіне сәйкес, саралап оқытуды көздейді.

2013-2014 оқу жылындағы мектептің жетістіктері:

         Мектепте оқу-тәрбие процесі мектептің жылдық жоспарына сай жүргізілді, педагогикалық кеңестер, директор жанындағы мәжілістер дер кезінде өтті. Оқу жылында мұғалімдер 8 әдістемелік бірлестікке  топтастырылды. Пән апталықтары ауданның білім бөлімі бекіткен кестеге сай өткізілді. Оқушылар арасында 2013 жылдың 18-20 қазан аралығында негізгі пәндерден 9-11 сыныптар бойынша мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті және оның жеңімпаздары өңірлік, аудандық олимпиадаға қатысты. Мұғалімдер арасында өткен аудандық пән олимпиадасында география пәнінің мұғалімі А.Тәңірбергенова І орынды иеленді.

          Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Ақберен» сайысына қатысқан 7 сынып оқушылары Дияр Диана ІІ орын, Жолдасбай Оразхан ІІІ орын алды. «Мағжан оқулары» сайысына қатысқан 10 сынып оқушысы Қалилаш Болғанай ІІІ орын, 7 сынып оқушысы Балтабай Жансая ІІ орын иеленсе, 7 сынып оқушысы Төрехан Ақниет І орын алып, облыстық сайыста жүлделі ІІ орынды иеленді.

Мектептің ұзақ мерзімді жоспары негізінде  алты айлық қысқа мерзімді мектептің даму жоспары түзілді. Бұл жоспардың құрылымында  мектептегі оқу үдерісін жақсартуға нақты жұмыстар жоспарланды. Бастауыш сыныптар және жоғарғы сыныптар бойынша 6- іс әрекетті зерттеу, 4- Lesson study, бағдарламаның барлық модулін қамтитын 8- коучинг сессиялар жоспарланып, өткізілді. 

2014 жылдың 12-21 ақпан аралығында  «Оқыту мен оқу үдерісіне енгізілетін өзгерістер арқылы білім сапасын арттыру» атты тақырыпта

онкүндіктің бағдарламасы түзіліп, жоспарлы түрде өтілді. Бұл онкүндікті өткізудегі мақсат «Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістерді басқару, педагогикалық ұжымның сапалық ерекшеліктерін, мүмкіндік деңгейлеріне қарай  өзгеріс енгізу және күтілетін нәтижені жоспарлау» болатын. Аталған онкүндікке мектебіміздің мұғалімдерімен қатар басқа мектептердің педагогтерін ендіру арқылы желілік қауымдастықты кеңейтуді ұйымдастырдық. 4 мұғалім іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын жүргізсе, деңгейлік бағдарламаны бітіріп келген екі мұғалім 3 коучинг сессия ұйымдастырды. Сонымен қатар, 2 мұғалім Lesson study сабағын өтсе, 4 мұғалім Кембридж бағдарламасының модульдері қамтылған ашық сабақтар өткізді. Жалпы онкүндіктің ашылуы мен қорытындысын бүкіл мұғалімдермен және көрші мектептерден желілік қауымдастық бойынша тәжірибе алмасу үшін келген ұстаздармен тренингтер жоспарлап, жаңашыл әдістер ұйымдастырылды.

Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ұлықпанов Аманғали «Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс - тәсілдер» деген тақырыпта аудандық семинар ұйымдастырып, коучинг сессия және ашық сабақ өткізді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Асқаров және мектептерден ұстаздар келіп қатысып, жақсы деген баға берді.

Жоғарыда аталған іс шараның нәтижесінде мектептің оқу мен оқыту үдерісіне айтарлықтай оң ықпал етіп, ілгерілеушілік байқалды, атап айтсақ: педагогикалық ұжым бағдарламаның мазмұны мен идеясын түсінеді; коучинг сессиялар арқылы  мұғалімдердің өз сабақтарында өзгеріс енгізу үдерісін іске асыруға ықпал ету; сыныптардағы іс-әрекеттегі зерттеу жүргізіліп, негізгі проблемалар шешімін тапты.

           Сонымен бірге негізгі пәндер бойынша республикалық  «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған интернет олимпиадаға оқушылар мен мұғалімдер қатысып, аудан бойынша бірінші, облыс бойынша 9 орынға тұрақтады.

  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық ұйымдастырған интернет олимпиадасында мұғалімдер арасында өткізілген олимпиадада математика пәнінің мұғалімі Д. Алиасқаров жақсы жетістікке жетіп, жүлделі ІІІ орын алса, физика пәнінің мұғалімі жас маман Дияров Ә

сет - 40 ұпайдан 33  балл жинап үздік нәтиже к

Категория: Мектеп тарихы